Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан сарбаздарға тағы бір ескерткіш ашылды

408
Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан сарбаздарға тағы бір ескерткіш ашылды

Шымкентте тәжік-ауған қақтығысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерімізге арналған тағы бір ескерткіш ашылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында жаумен кескілескен ұрыс жүргізіп, ерлікпен көз жұмған 17 жауынгерге арнап ескерткіш орнатылды. 7 сәуір – ерлік күнінде боздақтардың туған-туыстары, қаруластары мен әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Жәнібек Нұрыш