Úı Jańalyqtar Кәсіпкерлерге әлімжеттік жасап келген қарақшылар сотталды

Кәсіпкерлерге әлімжеттік жасап келген қарақшылар сотталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында кәсіпкерлерге әлімжеттік жасап, қорқытып келген қарақшылар тобына сот үкімі шықты. Олар қорқытып-үркіту арқылы талай адамға зәбір көрсетіп келген. Сот үкімімен қылмыскерлер 16 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

Ұйымдасқан қылмысты топ 1 жыл бойы теңгесін сауда-саттық пен кәсіпорын өнімінен тауып жүрген талай жанды қан қақсатып келген. Кәсіпкерлерден ақша талап етіп, тіпті, олардың мүліктерін өздеріне меншіктеп алуға дейін барған. Бірақ, көп асқанға — бір тосқан дегендей, сот алдында жазасын алды.

Қылмысты топ мүшелерінің жасы — 25 пен 30 аралығында. Барлығы да Оңтүстіктің тумалары. Ресми құжаттарда екеуі — жеке кәсіпкер, ал қалған екеуі жұмыссыз деп көрсетілген. Бірақ, айыпталушы тараптың қорғаушылары сот үкімімен келіспей отыр. Облыстық соттың аппеляциялық алқасына шағымданамыз деп бекінді.

Жанар Есенбекова