Оңтүстіктің жастары жүз күйдің тарихын жаттауда

514

«Жүз күйдің тарихы». Күнгейде осындай тақырыпта жаңа жоба қолға алынды. Бастама аясында қазақ күйшілерінің еңбектері етене дәріптеліп, ұмытылар шегіне жеткен шығармалар қайта жаңғырмақ. Ұйымдастырушы тарап – Назарбаев зияткерлік мектептері мамандарының мәліметінше, қазір осы мақсаттағы сабақтарға мектеп оқушылары мен өзге де талапты жастар жұмылдырылған. Кәсіби күйшілердың қатысуымен өрбитін сағаттар әзірге өңіріміздегі әдет-ғұрып және салт -дәстүр орталығында ұйымдастырылады. Айта өтейік, жобаның аты айтып тұрғандай мұнда халқымыздың бір емес, 100 бірдей таңдамалы күйлерін үйрену көзделген.

Палзада Сағымбекова, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі: «Біз сабақта күйді тартуды ғана емес, оның орындалу жолы, жыр-термелердің мақамын да үйретеміз. Төкпе мен шертпе күйлердің ара-жігін ажыратып, тартыстағы шеберлікті оқытамыз. Сүгірдің және өзге де авторлардың еңбектерін дәріптейміз.

Оңғар Дәулет, №80 мектептің 9-сынып оқушысы:»2 жыл бұрын мектептің жанынан ашылған домбыра үйірмесіне қатыстым. Күйді жақсы тарта аламын. Бірақ көбісінің шығу тарихы мен аңыз-әңгімелерді біле бермеймін. Сондықтан осында келіп отырмын. Менің ойымша, күйді тыңдарамнның жүрегіне жеткізе, шынайы орындау үшін алдымен шығарманың шығу шежіресін түсінуіміз керек».