Ордабасы ауданы әкімінің есебі

448
Ордабасы ауданы әкімінің есебі

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында қазіргі жаһандық нақты ахуалдан қалай шығу жолдары нақтыланып, 5 басым бағыт-бағдары айқындалды. Осы жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға Ордабасы ауданында қазір жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері едәуір артқан. Бұл туралы аудан әкімінің өзі айтып берді.

Ордабасы ауданында биылғы 4 айда инвестиция көлемі 1 млрд 330 млн теңгеге жеткен. Мал шаруашылығын дамытуға арналған өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мал бордақылайтын 278 алаң ашылған. Ұсақ шаруа қожалықтары біріктіріліп, 13 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. Және 3 трактор стансасы жұмыс жүргізуде.

Ауданда кәсіпкерлікті дамыту бойынша да тындырымды жұмыстар атқарылуда дейді әкім. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорын саны он мыңға жетіп қалған. Оларда 21 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру бойынша жыл басынан 45 адамға 113 млн теңге несие беріліп, 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұған қоса өңірде 44 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарына 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады деп жоспарлануда.