Шардарада 1 млрд теңгенің кәріз жүйесі толық іске қосылмаған

521
Шардарада 1 млрд теңгенің кәріз жүйесі толық іске қосылмаған

Құрылысына 1 млрд теңге жұмсалған Шардара қаласындағы кәріз жүйесін толық пайдалану мүмкін болмай тұр. Ол аздай, қолданыстағы жүйенің кей бөліктерінде ақау бары анықталды. Мәселені шешуге әкімдік қызметкерлері білек сыбана кіріскен. Мердігер компания тапсырыс берушіге кемшіліктерді жөндеуге кепілдік беріп отыр. Коммуналды мәселелердің шешілу барысын аудан әкімі Болат Қыстауовтың өзінен сұрап білген болатынбыз.

Шардара қаласындағы кәріз жүйесінде күрделіліктер жетерлік. Мұны аудан әкімдігі жақсы біледі. Пайдалануға тапсырылған жаңа нысанда да шайынды сулардың кедергісіз өтуінде проблемалар туындаған. Аудан әкімдігі бұл мәселені өз қадағалауымызда дейді.

Шардарада 1 млрд теңгенің кәріз жүйесі толық іске қосылмаған

Болатбек Қыстауов, Шардара ауданының әкімі: «Ия, рас, құрылысына 1 млрд теңге жұмсалды. Қазір толық пайдаланылып отырған жоқ. 120 көшенің 30 пайызы ғана орталық кәріз жүйесіне қосылған. Енді 32 көшені қосу мақсатында бюджеттен 23 млн теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаты жасалуда.»

2017 жылға бекітілген аудан бюджеті 13 млрд 215 млн теңгені құрап отыр. Соның 2 млр теңгеден астамы инфроқұрылым, ауыз су және елдімекендерді газдандыруға бағытталған. Шардара ауданы халқының саны бүгінде 80 мың адамға жеткен. 25 ауылды округтің 13-інде тұрғындар орталық құбырдан су ішіп отыр, қалғандары күні бүгінге дейін құдық суын пайдалануға мәжбүр.

Елдімекендерді газдандыру мәселесі де шағалалы өңірде кезеңімен жүзеге асуда. Аймақты газбен қамту жұмысы 91 пайызға 2020 жылға орындалады деп жоспарланған.