Шымкентте бір көшенің үйлерінде тұрмыстық техника күйіп кетті

315
Шымкентте бір көшенің үйлерінде тұрмыстық техника күйіп кетті

Шымкенттің бір топ тұрғыны қатты жел мен нөсер жаңбырдың кесірінен келген шығын көлемін есептеуде. Кешегі демалыс күндері қалада болған табиғат құбылысынан ескі қалашықтағы Өзбек көшесінде екпінді желдің кесірінен электр желілері қысқа тұйықталып қалған. Соның салдарынан жекеменшік 25 үйде барлық тұрмыстық техника күйіп кетті дейті тұрғындар. Бүгін осы азаматтармен Энергопоток мекемесінің өкілдері кездесті.

Мереке күндері болған дауыл қаланың бір топ тұрғынын әбігерге салды. Қатты желдің кесірінен ескі қалашықтағы бір көшеде электр сымдары тұйықталып, істен шыққан. Соның салдарынан үйлердегі шамдар жарылып, тұрмыстық техникалар күйіп кетті дейді тұрғындар.

Шымкентте бір көшенің үйлерінде тұрмыстық техника күйіп кетті

Дауылдың салдарынан шығынға батқан қала тұрғындары билік өкілдерінен көмек сұрайды. Ал жауаптылар материалдық шығынға батқан тұрғындарға көмек көрсете алмаймыз дейді. Айтуларынша, бұл жағдайға табиғаттың тосын мінезі кінәлі.

Осылайша шенеуніктер шығынға батқан халықтың проблемасын шешуге көмектесе алмай отыр. Сондықтан, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен тұрғындар шығындарын өздері өтеуі әбден мүмкін.