Шымкенттегі жылу орталықтары саудаға қойылды

453
Жылу орталығы

Шымкенттің екі жылу-энерго орталығы мен Ащысай металлург зауытының мүлік кешені саудаға қойылды. Олардың бастапқы бағасы жарты миллиард теңгеден асады.

Анық болғаны, бұл мүліктерді Форте Банк кепілде тұратын мүілктерді сатудың бірыңғай электронды сауда алаңына қойып отыр. Нақты айтқанда Шымкент қаласы, Оперштейн көшесі, 1-үйдегі №1 жылу орталығы мен Абай көшесіндегі №2 жылу орталығы жер учаскесі және ғимараттарымен сатылады. Біріншісінің бағасы 324 млн 13 мың теңге болса, екіншісі 232 млн 129 мың теңгеге бағалануда.

Ал Түркістан қаласы маңындағы Ащысай зауытының құны 63 млн 654 мың теңге деп белгіленген. Өтініштерді қабылдау 4 мамыр күні сағат 10:00-де аяқталады. Ал бәссауда 5 мамыр күні 10-да өтеді деп күтілуде.