Күнгейдің шаруалары 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

487
Күнгейдің шаруалары 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған мереке ерекше аталып өтті. Бұған себеп те бар. Өйткені аграрлы аймақтың шаруалары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.

Күнгейдің шаруалары 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың гектарға артып, 818 мың гектарды құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға, жылыжайлар 171 га салынып, жалпы 1 294 гектардан асты.

Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтті.

Күнгейдің шаруалары 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

Мұнан соң аймақ басшысы түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден І орын алған озат аудан, қалаларды атап, арнайы мүсін мен облыс әкімінің сертификаттарын табыстады. Мәселен, астық өндіруде Қазығұрт ауданына ешкім тең келмесе, сүт өндіруден Сайрам ауданы, мақсарыда Төлеби, мақта бойынша Шардара ауданы алда келді, көкөніс жинаудан Сарыағаш аудандары үздік деп танылды. Ал бақша өнімдерін жинау бойынша мақтааралдықтар көш бастаса, жеміс-жидекте Түлкібас, озық инвестициялық жобаларды іске асыруда Бәйдібек ауданы, тамшылатып суару технологиясын ендіру бойынша бірінші орынға Түркістан қаласы ие болды, «Сыбаға», «Алтын Асық»  бағдарламасының орындалуы жөнінен отырарлықтар ерледі.

Күнгейдің шаруалары 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы саласының еңбеккерлері де биылды толағай табыстармен аяқтап отыр. Өңірде  ірі қара мал саны өткен жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға, қой мен ешкі 1 пайызға, жылқы басы 19,5 пайызға артқан. Өңірдегі мал басының өсуіне «Сыбаға» бағдарламасы да өз септігін тигізіп отыр. Аталған бағдарламамен биылдың өзінде 13 087 бас мал сатып алынса, «Алтын асық» бағдарламасы аясында 23 352 бас қой,  «Құлан» бағдарламасы аясында 2 366 бас жылқы сатып алынған.

Күнгейдің шаруалары 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

Мал басын сатып алуда Оңтүстік өңірі республикада 1 орыннан көрінді. Сондай-ақ биыл облысымызда жаңадан 2 419  шағын бордақылау алаңы мен 656 жанұялық сүт және 22 отбасылық құс фермасы, 10 балық шаруашылығы іске қосылған.

Күнгейдің шаруалары 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады

Осындай жетістікке жеткен еңбек иелерінің ерлігіне құрметпен қарау мақсатында күзгі мерекені «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі түрінде айырықша атап өту облыс әкімінің бастамасымен қолға алынып отыр. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы бағытта қалыптасып, республиканы ғана емес, шетелді де өзінің ерекше өнімдерімен таңқалдырып келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев