Жас мамандар құтқарушылардан сабақ алды

431
Жас мамандар құтқарушылардан сабақ алды

Бүгін Шымкенттегі апаты медицина орталығының мамандары болашақ мейірбикелерге арналған ашық есік күнін өткізді. Шара барасында шұғыл жәрдем қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ жас мамандарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін түсіндірді.

Жас мамандар құтқарушылардан сабақ алды

Ашық есікке медицина колледжінің шәкірттері арнайы шақырылған. Өйткені жас мамандар болашақтағы қызметінде құтқарушылар сияқты әрекет етіп, жедел қызмет көрсетудің тәртібін білуі тиіс дейді ұйымдастырушылар.

Осы оқу-жаттығу кезінде құтқарушылар көбіне жол апатынан кейін көрсетілетін алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Өйткені мамандар жыл сайын жол-көлік оқиғасы көп тіркелетінін айтады. Осыған сәйкес апаттар медицинасы орталығы құтқарушыларының жұмысы да артып отыр. Мысалы, өткен жылы мұндағы мамандар 600-ге адамға көмектескен. Олардың басым бөлігі – жол апаты кезінде ауыр жарақат алғандар.