«Чеховъ паб» балаларға мереке сыйлады

Шымкентегі мейрамханалардың бірі бүлдіршіндерге тегін мереке ұйымдастырып берді. Балаларды қорғау күніне орай өткізілген салтанатты кешке қала тұрғындарының барлығы шақырылған. Игі істі қолға алған «Чеховъ паб» мейрамханасының басшысы балғындарға тәттілер әзірлеп қана қоймай, сыйлықтар да тарту етті.

Транформерлер, мейрампаздар, құмды қалашық пен дәмді пицца – мұның барлығы бүгін тек балақайларды қуанту үшін жасалды. Түрлі сайыстар мен қызықты ойындар бүлдіршіндердің жүзін бал-бұл жайнатты. Бұл мерекеде сәнді балғындар брендті киім үлгілерімен сахнаға шықса, бірі түрлі жарыстардың жеңімпазы атанып, сыйлықтар алып жатты.

Малика Бекзат: «Маған бұл жерде барлығы ұнады. Ойнадық, дәмді тағамдар жедік. Өте қызықты болды. Мен жақын маңайда тұрамын. Енді тағы келіп тұрамын.»

Бұл күні тек балалары ғана емес, ата-аналары да тамаша әсер де болды. Олар «Чеховь Пабтың» еуропалық және шығыс елінің ас мәзірімен дайындалған тағамдарынан дәм татып, әуезді ән тыңдады, баланы дамытуға арналған түрлі бағдарламалар жайында көп мәліметтер алды.

Жанат Ақтаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Өте керемет мереке болып жатыр. Мен инстраграм желісінен көріп, балаларымды алып келдім. «Чеховъ пабқа» үлкен рақмет. Балалардың көңілін тауып, ойындар ұйымдастырып отырғанына разымыз. Тағамдары да дәмді. Бұл мерамхананы қаланың арғы бұрышынан арнайы іздеп келіп отырмыз.»

Бұл мейрамхана ашылғанына көп болмаса да қалалықтарға дәмді тағамдарымен жақсы таныс. Үнемі жаңалықтарымен ерекшеленіп отыратын демалыс орнына бүгінде қонақтардан аяқ басар жер болмады. Көпшілікке шаттық сыйлаған кешен басшысы осындай кештерді әрі қарай да ұйымдастырып тұруға дайын екенін жеткізді.

Әйгерім Егербердиева, «Чеховъ паб» мейрамханасының арт-директоры: «Барлық балалар мен ата-аналарын осынау тамаша мерекесімен құттықтаймын. Өзімнің кішкентай екі балам бар. Мереке болған соң басқа да балаларды қуантқым келді. Оларға бір мезет болса да қызықты ойын-ойнап, көңілдерін көтеруге жағдай жасағым келді. Енді әрі қарай да балаларға арналған алаңша осында тұратын болады. Ата-аналар мейрамханаға балаларын ерте келсе, алаңсыз демалатын болады.»

Атына заты сай » Чеховъ паб» мейрамханасы арнайы әсерлі әуенмен, жаны классиканы сүйетін келушілерге арналған. Атақты жазушының есімімен аталған дәмханада қаламгердің сүйіп жейтін тағамдары да дайындалады. Сондай-ақ, отбасымен демалатын ғимаратта түрлі мерекелерді ұйымдастыруға болады. Ендеше, «Чеховъ паб» өз клиенттерін таңғы сағат 11-ден түнгі 1-ге дейін күтеді. Мекенжайы: Нұрсәт шағынауданына қарсы бетте.