Оңтүстік Қазақстан облысында 500-ден астам түлек ҰБТ-да 100 балдан жоғары жинады. Жалпы, ҰБТ-ның алғашқы күні облыс бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден 4266 бітіруші қатысып, облыстық түлектердің орташа көрсеткіші 72,3 балды құрады.
20 маусым күні 514 бала 100 балдан жоғары жинаса, ең жоғары, 137 балды Шымкент қаласындағы «Болашақ» мектебінің оқушысы Исатай Біржан жинады. Ал 136 балды Шымкенттегі №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбекова Айгерім Дастанбекқызы жинап отыр.
Бірінші күнгі сынақтың қорытындысымен Шымкент және Сайрам оқушыларының орташа көрсеткіші — 75,5 балл, Қазығұрт — 74,3, Түлкібас — 72,7, Созақ — 70,6, Сарыағаш -70,4, Бәйдібек — 70,2, ал Мақтаарал ауданы бойынша 67,03 балды құрады. Тестілеу кезінде ҰБТ талаптарының бұзылуы фактісі болған жоқ.
Айта кетейік, облыс бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 32964 оқушы аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни, мектеп түлектерінің 78,2 пайызы.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі