Оқушылардың «Менің Қазақстаным – менің елім!» облыстық байқауы басталды

875
Оқушылардың

«Менің Қазақстаным – менің елім!» Дарынды балаларға арналған №1 облыстық мектеп-интернатында осындай тақырыппен облыстық байқаудың ашылу салтанаты өтті. 6-7 маусым күндері өтетін білім байқауына өңіріміздің 10 ауданынан 12 оқушыдан келіп қатысуда.

Оқушылардың "Менің Қазақстаным - менің елім!" облыстық байқауы басталды

Олар жарыстың алғашқы күні тақырыпқа сай өз ұраны, туы, әні, атрибуттары және өзіндік киім үлгілерімен таныстыру кезеңінен өтуі тиіс. Одан кейін сұрақ-жауап және эссе жазуға кіріседі. Ал байқаудың басқа кезеңдері және марапаттау салтанаты 7 маусым күні өтеді.

Сан талант бәйгеге түсіп, бақ сынаған сайыс дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқау жылдағыдан өзгеше өтуде. Себебі, бұған дейін «Менің Қазақстаным – менің елім» тақырыбында эссе жазу болмаған.

Әлия Әділбек