Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің түлектері диплом алды

744
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің түлектері диплом алды

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Оқу орнының 450 студенті орта арнаулы оқу орнын тәмамдаған туралы диплом алды. Олардың ішінде 57 түлек қызыл дипломға ие болды. Ересек өмірге жолдама алған жастардың қуанышында шек жоқ.

Биыл 57 бітіруші қызыл дипломға ие болып отыр. Олардың басым көпшілігі әлден-ақ жұмыс орындарын дайындап қойған болса, бірқатары білімін одан әрі жалғастырмақ ниетте.

Бітірушілердің ата-аналары да оқытуышылар құрамына дән риза. Сапалы білім, саналы тәрбие берген колледж ұжымына алығысы зор.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің түлектері диплом алды

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі 5 бағыт бойынша 15 мамандыққа кадр дайындайды. Атап айтқанда педагогикалық және техникалық мамандықтар, экономика және сервис, басқару және құқықтану мамандықтары бойынша талапкерлер қабылдайды. Айта кетейік, колледж биыл «Дизайн» және «Музыкалық білім» мамандығы бойынша алғашқы түлектерін шығарып отыр.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің мекенжайы: 21-ш/ауд., 8 наурыз көшесі, №22 үй. Ескі қалашық жақта.

Мақпал Рысбаева