Шымкент мұнай өңдеу зауыты Евро-4 және Евро-5 стандартты жанармай шығара бастады

1062
Шымкент мұнай өңдеу зауыты Евро-4 және Евро-5 стандартты жанармай шығара бастады

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы – жанармай сапасы Евро-4 және Евро-5 экологиялық стандартына көшті.

Тарихи оқиғаға қатысты өткен салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және Қытайдың CNPC компаниясы бас директоры Биан Дыжы қатысып, зауыт жұмысына сәттілік тіледі.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты Евро-4 және Евро-5 стандартты жанармай шығара бастады

– Елбасымыз халыққа арнаған жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керегін баса айтқан болатын. Осы тапсырмаға сай Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның 3 ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін, міне, бірінші кезеңнің іске асуына куә болып отырмыз, – деді Жансейіт Түймебаев.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты Евро-4 және Евро-5 стандартты жанармай шығара бастады

Жаңарту жұмыстарының бірінші кезеңінде Шымкент мұнай өңдеу зауытында шикізатты ыдыстарға саңылаусыз құятын қондырғы іске қосылды. Сондай-ақ қуаты жылына 1,5 млн тонна дизель отынын гидротазалайтын және жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылып жұмыс істей бастады. Айта кетейік, инновациялық тың технологиялар автоматты түрде басқарылады.

Мамандардың айтуынша, бұдан былай ауа ластанбайды. Ең бастысы – зауыттағы жұмыстардың бәрі қауіпсіз іске асырылатын болады. Кәсіпорын мұндай мүмкіндікке «Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты Евро-4 және Евро-5 стандартты жанармай шығара бастады

Еске сала кетейік, 2 кезеңнен тұратын Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы «Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы аясында 2011 жылы басталған болатын. Жобаның бас мердігері – Қытайлық СРЕСС компаниясы. Жобаны іске асыруға 30-да аса жергілікті мердігер компания тартылған. Бүгінде зауыт акциясы «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ мен қытайлық «СNPC» компаниясына тиесілі.

Сондай-ақ, зауытта жылына 4 мың тонна күкірт шығарылады. Құрылымдау жұмыстарының екінші кезеңі толық аяқталса, зауыт еліміздегі әлемдік талаптарға сай ірі кәсіпорынға айналатын болады. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 4 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев