Шымкент мектептерін жөндеу басталды

237
Шымкент мектептерін жөндеу басталды

Шымкент қаласындағы білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Бұл мақсатта қала бюджетінен 440 млн тенге бөлініпті. Осы жұмыстармен 6 мердігер айналысатын болады. Бұдан бөлек жылу жүйелерін жөндеу үшін 124 мектепке 38 млн теңге қаралған.

Жөнделетін нысандар арасында №11 мектеп те бар. 1991 жылы қолданысқа берілген білім ошағы басшысының айтуынша, сол уақыттан бері бұл мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Енді биыл ғимаратты әктеп-сырлау үшін 8 млн тенге бөлініпті. Қазір мердігерлер қызу жұмысқа кіріскен.

Жалпы, биыл Шымкент қаласындағы 118 мектепте жөндеу жұмысы жүргізіледі деп шешілген. Қала қоржынынан осы мақсатқа 440 млн теңге бөлініпті. Бұдан бөлек жылу жүйелерін жөндеу үшін 124 мектепке 38 млн теңге қаралған.

Айта кетейік, биыл шаһардағы үш мектепте ғана күрделі жөндеу жүргізіледі. Олар – №27, 39 және 100 мектеп. Жауаптылар жұмысты жаңа оқу жылына дейін аяқтаймыз деп отыр.

Нұрлан Күдерұлы