Шымкентте шомылу маусымына орай қауіпсіздік шаралары басталды

541
Субұрқақтарға аптасына екі рет тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады екен

Шымкенте шомылу маусымы басталды. Осыған орай қалалық төтенше жағдай басқармасының мамандары тұрғындарды тілсіз жау, яғни от пен судан сақ болуға шақырып, арнайы жиын өткізді. Басқосуда шомылу маусымы кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің үкімі шыққаны айтылды. Өкімге сай, қала әкімдігінің мамандары шаһардағы су айдындарын түгендеуді ұйымдастырады. Және су көздерінің иелеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ескерту жасалады.

Өткен жылдың осы мезгілінде Шымкент қаласының аумағында екі адам суға батып қайтыс болса, биыл жыл басынан бері 1 қайғылы оқиға тіркеліп отыр. Құтқарушылардың айтуынша, келеңсіздік көбінде суға түсуге арналмаған жерге шомылудан орын алады екен. Ал адам көп шоғырланатын шомылу орындарының иелері қауіпсіздік шарасын жасауға міндетті. Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 8 шомылу орны тіркелген. Биыл олардың саны өседі деген болжам бар. Сол себепті қала әкімдігі барлық шомылу орындарын қатаң қадағалаудан өткізбек.

Жиын барысында қала әкімінің орынбасыры Жанбосынов шаһар көшелеріндегі субұрқақтарда шомылуға мүлдем болмайтынын мәлімдеді.

Дала өртіне келер болсақ, 2016 жылы 2,2 гектарды құрайтын бір орман, 78 гектарды құраған дала өрті орын алыпты. Өрттің шығуына көбінде азаматтардың жауапсыздығы дейді төтеншеліктер.

Жиының қорытындысыда төтенше жағдай басқармасының мамандары тұрғындардың қала ішінде бей-берекет от жағуға тыйым салынатынан айтты. Тәртіпке бағынбағандарға шара көрілетіні де ескертілді.

Нұрлан Күдерұлы