Табиғатты қорғауға шақырған оқушылар марапатталды

841

Күнгейдің табиғат жанашырлары анықталды. Дәлірегі -«Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған» атты оқушылар арасында өткен облыстық сайыс мәресіне жетті. Жасөспірімдер қатысқан жарыста әдеттегідей пән емес, үміткерлердің экологияға деген көзқарасы қадағаланды. Яғни, аудан-қалалардан келген мектеп оқушылары қоршаған ортаға деген құрметін суретпен салса, екіншісі табиғақа деген қамқорлығын шығарма етіп жазған, компьютермен арнайы баяндама жасағандар да марапттан шет қалмады. Фотосуреттер мен сурет-жабдықтарды жинақтаған талантты шәкірттердің де еңбегі еленді. Ұсынған жұмыстары оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар мен олардың ұстаздарына білім басқармасы тағайындаған сый-таралғы мен алғыс хат тапсырылды.

Еркін Мұхаммедәли

Еркін Мұхаммедәли, 2-орын иегері: «Өте қуаныштымын. Осы жарысқа қатысуда белсенділік таныттым. Менің шығармам «Оңтүстіктегі асыл аң-құстар» деп аталады. Яғни, ерекше қорғауға алынған, «Қызыл Кітапқа» енген. Табиғатты қорғап-қадағалауда бірқатар ұсыныстарды жаздым. Пікірімді құп көрсе керек, жүлделі орыннан көрініп отырмын».

Сайыс қатысушылары іс-шара соңында флэшмоб билеп, дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін тойлады. Айта өтейік, осынау облыстық сайысқа озат оқушылардың 221 жұмысы қабылданған. Оның 100-і жүлдеге лайықты деп табылып, марапатталып отыр. Ал көшбасшы шәкірттердің сый-тартуы мен мерекелік кешіне қазынадан 1,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралыпты.