Темірлан тасжолын жөндеу басталды

545
Темірлан тасжолын жөндеу басталды

IШымкенттегі Темірлан тасжолын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мамандар бұл құрылыстың 4 айға созылатынын айтады. Сондықтан, жүргізушілерге қазірден ескертіп отыр. Бұл жөндеу жұмыстары неге осынша уақытқа созылмақ?

Темірлан тас жолы – Шымкенттегі қозғалысы қарқынды ірі магистральдың бірі. Бүгінде автомобиль жолының 4-тен бір бөлігі жабық. Мұнда ирригациялық жүйелер ауыстырылып, жолдың жүру бөлігі мен тротуар ауыстырылып жатыр. Ал кедергілерге тап болған жүргізушілер көлік кептелісінде жиі тұрып қалатындарын айтады.

Темірлан тасжолын жөндеу басталды

Жөндеу жұмыстары жүретін 4 ай ішінде көлік жүргізушілері, шынында да, сабырлық танытуы тиіс. Қараша айында дейін мұндағы арық-атыздар ауыстырылып, тас жол ұзартылатын болады.

Салаға жауаптылар құрылысшылар ирригациялық жүйелерді жаңартып болған соң тротуарды жөндеуге кіріседі дейді. Автомагистральдің жоғарғы беті жөнделеді. Жөндеу жұмыстарының сапалы әрі ойдағыдай шығуы үшін тұрғындар асықпауы керек дейді мамандар.

Айта кетейік, Темірлан тасжолының осынау бөлігін жөндеуге мемлекеттік бюджеттен 950 млн теңге бөлініп отыр.

Мақпал Рысбаева