Шымкенттің орталығында мал бордақылауға болмайды

934
Мал бордақылап соятын бес бекет бар

Бұдан былай Шымкенттің орталығында мал ұстауға тыйым салынады. Қалалық мәслихат бекіткен үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесінің талабы осындай. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиналыста айтылды.

Бұл ретте қала орталығындағы мал сою орындары да жойылатын болады. Олардың орнына Бозарық елдімекенінде мал союға арналған жаңа бекеттер салынады. Қазір әкімдікте осы мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Топ мүшелері жуырда мал ұстайтын тұрғындармен кездесіп, түсіндіру шараларына кіріседі.

Бұған қоса Шымкентте қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған бекет пайда болды. Қалалық мәслихаттың бұл шешімі 29 маусымда қабылданған. Енді Еңбекші аудандық әкімдігіне қарасты Абдулабад тұрғын алабындағы орталықта үй жануарларын 3 күнге дейін сақтауға болады. Бұл мерзімнен кейін олардың көзі жойылады.

Сонымен, егер көзден таса болған үй жануарларыңыз осы бекеттен табылып жатса, арнайы құжат арқылы оларды қайтарып алуға болады. Бекеттің телефоны: 8-702-311-81-13

Шымкент қалалық ветерианария қызметінің телефоны – 32-44-14 және 32-44-15

Мақпал Рысбаева