Шымкентте көпқабатты үйлердегі жылыту жүйесі толығымен жөнделіп жатыр. Жұмыс тұрғындар мен «Қуат жылу орталығы» мемлекеттік мекемесінің сервистік қызмет бөлімі арасындағы келісім-шартқа байланысты жүруде. Арнайы бригада мүшелері қазірдің өзінде жұмыстарды бастап кеткен.
Қарасу шағынауданындағы көпқабатты үйдің жылыту жүйесі 30 жылдан бері әбден тозығы жеткен. Құбырлары шіріп, толып қалған, бұрандалары жоғары қысымға шыдамай, істен шыққан. Жаңа сервистік қызмет қалалықтарға бұл проблемадан құтылудың жолын ұсынды. Яғни, жылу құбырларын ауыстыру ақысын алдын ала төлемей, бір жыл бойы бөліп төлеуге болады.
Келісім-шарттың тағы бір маңызды тұсы — құбырды толығымен жөндеудің алдында сервистік қызмет өкілдері жертөлелерді маса, бүрге мен тышқандарға толық дәрілеп шығады.
Евгений Кайков, «Қуат жылу орталығы» МКМ сервистік қызметінің шебері: «Жертөленің тозығы жеткен. Барлығын ауыстыру керек — екі элеватор бұрышын, бұрандаларды да. Тұрғындар үшін қолайлы, олар біздің сервисте болады. Мысалы, егер қыста жертөледе апат болып, құбыр жарылып кетсек, олар бізге хабарласады. Келісім-шартта байланыс телефондарымыз бар. Біз келіп, жарылған жерді тегін жөндеп береміз.»
Осы сервистік қызметпен келісім-шарт жасасқан қалалықтар арасында Гагарин көшесіндегі №149 «Б» — бұрынғы жатақхана тұрғындары да бар. Олардың жертөлелері тазартылып қойды. Бүгінде мұнда шіріген жылу құбырын алмастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Барлық жөндеу жұмыстары жылыту маусымы басталғанша аяқталуы тиіс. Келісім-шартқа сәйкес, компания өкілдері осы үйде сығымдау жұмыстарын да жүргізеді. Бұған қоса, кепілдік мерзіміне сәйкес, көпқабатты үйге екі жыл бойы қызмет көрсетеді.