Шымкенттегі көпқабатты үйлерге бейнекамера орнатылуда

407
Шымкенттегі көпқабатты үйлерге бейнекамера орнатылуда

Шымкенттегі Қаратау ауданының әкімшілігі көпқабатты үйлерді қысқа дайындау жұмысын қарқындата түскен. Жауапты мамандардың айтуларынша, қыркүйек айының 15-ші жұлдызына дейін орталықтандарылған қазандықтан жылынатын барлық үйлердің құбырлары сығымдаудан өтетін болады. Бұдан бөлек, үйлердің аулалардығы балалар алаңшаларын жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Шымкенттегі көпқабатты үйлерге бейнекамера орнатылуда

Шаһардың төрт ауданындағы 350 үйге қызмет көрсететін «Спецкомплект сервис» мекемесінің жұмысшылары көпқабатты үйлердің 95 пайызындағы құбырларды сығымдаудан өткізіп үлгерген. Ауладағы тозығы жеткен балалар ойнайтын 110 алаңшаның 70-сі дәнекерленіп, боялған. Жауаптылар қалған 30 алаңшаны қалпына келтіруды күн суытқанша аяқтауды жоспарлап қойыпты.

Шымкенттегі көпқабатты үйлерге бейнекамера орнатылуда

Көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік шарасы да қолға алынған. Әзірге екі көпқабатты үйдің алды мен подъездеріне бейнекамералар орнатылыпты. Жоспарда 35 үй бар. Құны 14 мыңнан бастап 20 мың теңгені құрайтын бейнекамералардың ақшасын тұрғындар бөліп төлеуге мүмкіндік алған.

Осы уақытқа дейін тұрғындарға 7 түрлі қызмет көрсететін үй басқару комиттетері енді қызметтің түрін 14-ке жеткізбек. Басты мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсетіп, көпқабаты үйлерді тозудын сақтау дейді сала мамандары.

Нұрлан Күдерұлы