«Шымкент ситидегі» құрылыс жалғасуда

925
"Шымкент ситидегі" құрылыс жалғасуда

Болашақтың қаласы атанған Шымкент сити шағынауданындағы басты коммуникациялық жүйені тарту жұмыстары 50 пайызға орындалды. Бүгінгі таңда мердігерлер шағынауданда салынатын үйлер үшін қажет жарық, газ, су және кәріз жүйелерін жүргізіп жатыр.

Шымкент сити деген атау алған шағынауданның жалпы аумағы 436 гектарды құрайды. Жоспар бойынша онда көпқабатты 206 үй мен 30 әлеуметтік нысан бой көтермек. Бүгінгі таңда үш мердігер мекеме жол салып жатыр. Ал инженерлік жүйелерді салу екі мекеменің еншісінде. Олар межелеген жұмыстың тең жартысын атқардық дейді.

"Шымкент ситидегі" құрылыс жалғасуда

Бүгінде қарқын алған барлық нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Қазір мұнда көпқабатты 14 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылысшылардың айтуынша, бұл үйлерге заманауи құрылыс материалдары қолданылады. Сондықтан, ғимараттар сейсмикалық жағынан 9 балға шыдайды дейді.

"Шымкент ситидегі" құрылыс жалғасуда

Шымкент сити шағынауданына салынатын екі биік үйдің де орындары белгіленген. Қытайлықтар меморандумға қол қойып, 57 қабатты екі үй тұрғызбақ. Ал мұндағы сауықтыру кешені мен саябақтардың көлемі 56 гектарды құрамақ. Басталған іс аяқталып, жоспар орындалса, Шымсити нағыз болашақтың қаласы болмақ. Мұнда 70 мың тұрғын қоныстанады деп күтілуде.

Нұрлан Күдерұлы