Ғабидолла Әбдірахымов – «Нұр Отан» партиясының хатшысы

1000
Ғабидолла Әбдірахымов - «Нұр Отан» партиясының хатшысы

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімі бойынша партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовты таныстырды. Ал Зауытбек Тұрысбеков басқа қызметке ауысуына байланысты аталған қызметтен босатылды деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Ғабидолла Әбдірахымов - «Нұр Отан» партиясының хатшысы

Мұхтар Құл-Мұхаммед З.Тұрысбековке партия қатарындағы тиімді еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне табыс тіледі. Зауытбек Қауысбекұлы аталған қызметке осы жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Әр жылдары жауапты басшылық қызметтерде болды – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, Ғабидолла Рахматоллаұлы «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне дейін Шымкент қаласының әкімі болды.