Қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті

917

Облыстық көрме- жәрмеңкеге ұлттық өнерді сақтап, оны дамыту жолында еңбек етіп жүрген шеберлер жиылды. Аудан-қалалардан арнайы келген өнер иелері жүннен, қыштан, ағаш, темірден жасаған ұлттық бұйымдарын көпшілікке паш етті. Осылайша өскелең ұрпаққа ұлтымыздың қасиетті құндылықтарын сақтауға және еңбекке баулуды мақсат еткен.

Түлкібас ауданындағы Жыланды аулының тұрғыны Амангелді Елепбергенов зейнетке шыға сала, өнерін шыңдапты. Жаны әсемдікке жақын ақсақал осындай көрмелер шабыт сыйлайтынын айтады.

Аға буын өкілдерінен жастар да қалыспауда. Асар шағынауданындағы №90 мектеп оқушыларының көрмеге әкелген бұйымдарына қызықпаған жан қалмады. Әсіресе, қарағай ағаштан жасалған велосипед ,зеңбірек пен оқатқыштардың жанында естелікке суретке түсушілер көп болды.

«Ұлттық қолөнер-ұрпаққа ұлағат» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне қатысушылар өз бұйымдарын саудалады. Ою-өрнегіміз әспеттелген түрлі бұйымдар көз жауын алып,сұранысқа ие екенін тағы бір дәлелдеді.

Бәйдібек ауданының тұрғыны Эльмира Омарбекова: «Үлкен рахмет, мемлекетіміздің қолдауы арқасында кәсібімізді дөңгелетіп, құрбыларыма да жұмыс тауып бергеніне.»

Көрменің қорытындысы бойынша ең үздік туындылардың авторлары құрметке бөленеді. Облыстық мәдениет басқармасының өкілдері алдағы уақытта да ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда аянып қалмасын айтып қалды.