Ағасымен балық аулауға шыққан бес жасар бала суға батып кетті

478

Оңтүстікте ағасымен балық аулауға шыққан бес жасар бала суға кетіп мерт болды. Қайғылы жағдай 23 қазанда түнгі сағат он екілер шамасында Түлкібас ауданында болған.

Тұрар Рысқұлов ауыл округі маңындағы Арыс өзеніне ағасымен балық аулауға шыққан бала абайсызда аяғы тайып, өзенге түсіп кетеді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүгін сағат таңғы 8-дер шамасында баланың мәйітін полиция қызметкерлері тауып, судан шығарды.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД бас маманы: «2017 жылғы 23 қазанда сағат 00:28-де Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауыл округінде Арыс өзенінде балық аулау кезінде үлкен ағасымен бірге абайсызда өзенге 2012 жылы туған жас бала құлап, суға батып кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде сегіз сағаттан кейін баланың денесі табылды. Күзде балық аулау маусымының басталуына орай барлығын сақ болуға шақырамыз. Әсіресе, кішкентай балаларға сақ болу керек.»