Кентау қаласы әкімінің орынбасары 3,5 миллион теңге сыйақымен ұсталды

408

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласы әкімінің орынбасары 3,5 миллион теңге сыйақы алу үстінде ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО департаментінің өкілдері хабарлады.

«16 қазан күні тиісті қаржыдан 15% сыйақы алу үстінде Берік Қыстаубаев Кнатов ұсталды. Қазір ол Түркістан қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Экономика, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласына, әкімдікке қарасты мекемелер саласына жауапты Берік Кнатов өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдалана отырып, «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңарту – 2020″ бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді толық жөндейтін мердігер мекеменің мүддесін заңсыз қорғаған» делінген ұлттық бюро хабарламасында.

15%, яғни, сомасы 3,5 миллион теңге сыйақыны әкімнің орынбасары құрылыс ЖШС жетекшісінен алған.