Миллион теңгеге жуық тақырға отырғызған алаяқ сотталуда

278
Миллион теңгеге жуық тақырға отырғызған алаяқ сотталуда

Шымкент қаласындағы Әл Фараби аудандық сотында елді алдаған алаяққа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Отыз жасар әйелдің сот процесі БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өткізілді. Аңқау елді алдап, қомақты қаржысын иемденіп кеткен алаяқ биылғы маусым айында қолға түскен болатын.

Мамыр айында Қаратау полиция бөліміне 1952 жылы туған жәбірленушіден шағым түскен. Оның сеніміне кіріп алған азаматша жұмысқа орналастырамын деген уәдемен 300 мың теңгесін алып, ізін суытқан. Осы сарындағы шағыммен тағы да бірнеше жәбірленушіден арыз түскен. Бұл факті бойынша қылмысты кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде Арыс қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталған. Бұрын алаяқтық қылмысы үшін сотты болған ол қала ішінде жұмысқа тұрғызу туралы арнайы хабарландыру таратқан екен. Қармағына іліккендердің сеніміне әлеуметтік қызметкер, медицина қызметкері боп кірген. Тергеу нәтижесі бойынша сотталушы 5 алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Жәбірленушілерге бір миллионға жуық теңге шығы нкелген. Айта кетейік, сотталушыға қатысты алаяқтық қылмыс бойынша сот процесі Абай аудандық сотында қаралып жатыр. Екі іс материалдары бір аудандық сотқа біріктірілуі де әбден мүмкін.