ОҚО сотында қашықтықтан куәлік ету технологиясы енгізілген

435

Шымкентте облыстық сотта азаматтық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды. Сот мәжілісінде жаңа технология әдісі – қашықтықтан сұрау қолданылды. Бұл жаңалықтың нәтижесінде сот куәгерді басқа облыс немесе қаладағы куәгерлерді шақыртпай-ақ, өзге мекен-жайда отырып куәлік ала алады.

Арнайы конференц байланыс. Сот сервистік интернет жүйесінің ұйымдастыруымен ОҚО соты Ақмола облысы Степноргрск қаласындағы куәгерден куәлік мәлімдемесін алды. Оңтүстіктен жүздеген шақырым жерде Стпеногрсктің сот залында куәгер куәлік етіп қана қоймай, судья мырзаның сұрақтарына жауап берді. Қажет деп тапқандар куәгердің мәлімдемесін тыңдай алады. Сот мәжілісі бейнехаттамамен қамтамасыз етілген.

Мұндай жаңа технологиялар сот процесінде куәгерлік етуді жылдамдатады. Сот шығынын үнемдейді. Сот процесінің жұмысын тиімді етері сөзсіз.