Шымкент әкімі тұрғын алабтарындағы жолдың сапасын тексерді

325
Шымкенттің әкімі тұрғын алабтарындағы жолдың сапасын тексерді

Шымкенттегі Жұлдыз және Жалын тұрғын алабтарында жол жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жұмыстың сапасын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тексеріп көрді.

Шымкенттің әкімі тұрғын алабтарындағы жолдың сапасын тексерді

Алғашқы нысан – Текесу тұрғын алабындағы жолды орташа жөндеу. Ұзындығы 6 шақырымнан сәл астам жолды «Корпорация сити» ЖШС жөндеді. Шымкент мұнай өңдеу зауытының жанындағы ұзындығы 3,49 шақырым, атауы жоқ жолды «ҚазСәулетҚұрылыс» ЖШС жөндеді. Ал Жұлдыз тұрғын алабындағы Саяжай жолын жөндеу «Север Юг Универсал» ЖШС-на сеніп тапсырылған.

Шымкенттің әкімі тұрғын алабтарындағы жолдың сапасын тексерді

Жергілікті халық шаһар басшылары мен мердігерлерге сапалы жөндеу жұмыстары үшін алғыс білдірді. Себебі, олар узақ уақыттан бері қолайсыздыққа тап болып келген еді. Тұрғындар енді көшелер жөнделіп, жолдар кеңейген кезде мұнда қосымша қоғамдық көліктер қосылады деп сенім білдірді. Ал шаһар әкімі көлік мәселесі жақын күндері шешіледі деп уәде берді.