Шымкенттің әкімі тұрғындарға кәріз желісіне қосылуға көмектесуге шақырды

433
Шымкенттің әкімі тұрғындарға кәріз желісіне қосылуға көмектесуге шақырды

Шымкенттің жеті шағынауданында кәріз құбыры жүйесін тарту үшін 3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сол кәріз желісіне 18 мыңға жуық абоненттің 305-і ғана қосылған. Шымкенттің әкімі коммуналшыларды қала тұрғындарына көмектесуді шақырды. Олар да бұған қарсы емес.

– Біз кәріз жүйесіне қосылу ақысын бөліп төлеуге қарсы емеспіз. Себебі, ол қызмет құны орта есеппен 150-180 мың теңге тұрады, – дейді «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС Анарбек Орман.

Қала әкімі халықпен кездесулер ұйымдастыруға шақырып, онда мемлекеттік қандай қолдау жасайтынын түсіндіру керек деді: -Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырыңыздар, кәріз жүйесіне қосылу қажет екенін түсіндіріңіздер. Егер мәселе құжатта болса, сіздерге құжатын рәсімдеу үшін келген тұрғындарға көмектесіп, барлық құжатты – техқұжат пен кәріз желісіне қосылудың рұқсатын үш күнде әзірлеу керек. Қызмет құнын бөліп төлеуді де қарастырайық, себебі, барлығы бірдей ірі соманы бірден төлей алмайды.

Айта кетейік, кәріз желілері Қайтпас-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Самал-2, Гидролизный, Жұлдыз және Оңтүстік шағынаудандарында тартылған. Бірақ, тұрғындар кәріз желісіне қосыла алмайды немесе қосылғылары келмейді. Жиналыста осы мәселе көтерілді. Шаһар әкімі қала тұрғындары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тартылған кәріз желісіне қосылу үшін оларға қолдау көрсетуді тапсырды.