Жоғары спорттық атаққа ие болды

379

Шардараның спорт тарихында айтулы жаңалық болып отыр. Ауданда тұңғыш мәрте «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағымен армрестлингтен үш мәрте әлем чемпионы атанған Нұрдәулет Айдархан марапатталды.

Әрине, бұл атақ тектен-текке беріліп отырған жоқ. Қажымай-талмай жаттығудың, тер төгудің, тегеурінді жігер мен өр намыстың арқасында ғана спортшы биік белестерді бағындыра алады. Ересектер арасында 60 келі салмақта сынға түсіп жүрген Нұрдәулет Айдархан қыркүйек айында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шығып, алтыннан алқа тағынып еді.

Үшінші мәрте әлем чемпионы атанған спортшы сонда «Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері» атағына берілетін міндеттемені орындады.  Енді міне, Нұрдәулет палуан осынау жоғары атақты Шардарада тұңғыш рет иемденіп отыр.
«ShardaraArmsport – news».