Асфальттағы латын жазуы

1020
Асфальттағы латын жазуы

Асфальтқа түскен латын жазуы. Шымкенттің оқушыларына қазақ тілінің латын әрпіндегі жаңа әліппесі таныстырылды. Балалар мен қыздар өздеріне ұсынылған «Шымкент ситидің» жолында латын әріптерін бейнеледі.

Асфальттағы латын жазуы

Қала ішіндегі болашақ қалашықта өткен іс-шараға 2500-ден астам оқушы жиналды. Олар асфальт және мольбертке сурет салу конкурсына қатысты, мұнда жас суретшілер туындыларының көрмесі ұсынылды. Бұған қоса аула клубтарының тәрбиеленушілері мен қаланың би ұжымдарының қатысуымен флешмоб өтті. Балалар мен қыздар Шымкенттің болашақтағы бейнесін өз қиылдарымен суреттеуге тырысты.

Асфальттағы латын жазуы

Асфальттағы латын жазуы

Анықтама: «Шымкент сити» жобасы 2015 жылы Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында таныстырылды. Жоба бойынша 427 гектар аумақта 70 мың тұрғынға шақталған қала ішіндегі қала орын тебеді. Мұндағы құрылыс 2016 жылы басталды. Қазір бұл ауданда коммуналды желінің, 7 жол мен 20 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Алдағы уақытта мұнда көп қабатты 316 үй салынып, жалпы аудан 12 орамға бөлінеді деп жоспарлануда. Әлеуметтік мекемелер – мектептер, балабақшалар мен үлкен саябақ та салынады.

Асфальттағы латын жазуы