Дін өкілдері жастардың сауатын ашуда

220
Дін өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Әлеуметтік желіде жастарды арбайтындар толып жүр. Әсіресе, жат дінді жарнамалап, жолынан тайдыратындар қаптап кеткен. Олардың әрекетінен ақ-қарасын айыра алмаған өскелең ұрпақ шатасуы бек мүмкін дейді дінтанушылар.

Дін өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Сондықтан дін өкілдері білім беру мекемелерін аралап, жас толықынның сауатын ашуға кіріскен. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстіктегі өкілдігі арнайы сабақ өткізуге де дайын. Негізгі мақсаттары – көпшіліктің діни сауатын ашып, түрлі ақпараттар беру, дұрыс жолды таңдату. Жауаптылар түсіндіру жұмыстарын тек мектептерде ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер арасында да жүргізуді жоспарлап қойыпты.

Бауыржан Замарханов, дінтанушы: «Өкінішке қарай, осындай дәстүрлі емес діни ағымдар қазіргі таңда буыны қатпаған жас-жеткіншектерді ғаламтор, әлеуметтік желілер арқылы өз қатарына тартуда. Осы орайда ата-аналарға ескерткіміз келеді – балалары үйге келгеннен кейін немен айналысып жатыр, кіммен сөйлесіп жатыр, осының бәрін бақылауы қажет».

Лаура Нахыпқызы