Шымкент қаласының әкімі түрлі конфессия өкілдерімен кездесті

152

Шымкент қаласының әкімі үшінші мегаполистегі түрлі конфессия өкілдерімен кездесті. Рухани келісім күні қарсаңында Ерлан Айтаханов баршасын мерекемен құттықтап, елге бейбітшілік пен бірлік тіледі.

Ерлан Айтаханов, Шымкент қаласының әкімі: «Біз көпконфессиялы мемлекетпіз. Осы бірлік, ауызбіршіліктің арқасында тәуелсіздік алғалы бері бейбіт күнде өмір сүріп келе жатырмыз. Онда сіздердің сөзсіз еңбектеріңіз мол».


Өз кезегінде түрлі дін өкілдері қала басшысына құттықтауы үшін алғыс айтып, біріге атқаратын жұмыстарға барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Айтаханов имамдарға, дін қызметкерлеріне және діни конфессиялардың басқа да өкілдеріне халық пен жастарды тәрбиелеуге көп үлес қоса алатындықтарын айтты.

Меруерт Ахан