Кәсіпкерге қолдау: жылдығы 6 пайыз несие

499
Кәсіпкерге қолдау: жылдығы 6 пайыз несие

Биыл Қазақстанда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Бағдарлама аясында бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдау бағытында шағын несиелер беріледі.

 

Осыған орай Шымкентте бағдарламаның тиімділігін халыққа түсіндіру және несие алудағы түйткілдерді тарқату мақсатында алқалы жиын өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кездесуге «Даму» қоры мен қаладағы екінші деңгейлі банктердің өкілдері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Еркін форматта өткен жиында кәсіпкерлер мен іскер азаматтар банктердің өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, жауап алды.

Кәсіпкерге қолдау: жылдығы 6 пайыз несие

Айта кетейік, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстанға 2 млрд 476 млн 400 мың теңге бөлінген. Мемлекет осы қаржыны өңіріміздегі екінші деңгейлі 6 қаржы институтына аударып отыр.

 

– Қазіргі таңда осы мемлекеттік бағдарлама аясында Оңтүстікте 6 қаржы ұйымы кәсіпкерлермен жұмыс жасауда – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров. – Солардың ішінде Сбербанкке 526 млн 400 мың теңге бөлінсе, «Ырыс» шағын несие ұйымы мен Халық банкіне 500 млн теңгеден, ал АТФ Банкке 300 млн теңге аударылды. Нұрбанкқа – 300 млн, ForteBankке 100 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда бұл банктердің жауапты мамандары кәсіпкерлерден өтініш қабылдауда.

Кәсіпкерге қолдау: жылдығы 6 пайыз несие

Бір әттеген-айы, бүгінгі таңда осыншама қаржының 4,68% ғана игеріліп, кәсіпкерлерге несие түрінде берілген. Банк өкілдері мұның бір себебін стартап-жобалардың тәуекелі мол екенімен түсіндіреді. Дегенмен, кәсіпкерлер палатасының өкілдері банк қызметкерлері мен өз ісін енді бастауға ниетті азаматтар арасында дәнекер болуға тырысып, әр өтінішті жеке-жеке қарауға шақырды.