Оңтүстікте «Жасыл ел» бағдарламасына 15 мыңға жуық жас қатысқан

405
Оңтүстікте «Жасыл ел» бағдарламасына 15 мыңға жуық жас қатысқан

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас атсалысқан. 2017 жылы республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. 

Басқарма басшының айтуынша, облыстағы жастардың саны 750 мыңға жуық адамды құрайды. Бұл облыс халқының жалпы санынан 26 пайызы екен. Айта кетерлігі, биыл облыстан 1100-ден астам жас әскерге аттанған. Ал жазғы студенттік құрылыс жасағына барлығы 424 жас тартылып отыр.

Оңтүстікте «Жасыл ел» бағдарламасына 15 мыңға жуық жас қатысқан

– Бүгінгі таңда облыс бойынша 4 мыңнан астам ерікті жас бар. Олардың қатысуымен жыл басынан бері 500-ден астам қайырымдылық іс-шарасы, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыстағы 12 жоғары оқу орнының 6-да кәсіптік және өндірістік білім беру мамандықтарында оқитын 1106 студент облыстағы кәсіпорындар мен мен зауыт-фабрикаларда өндірістік тәжірибеден өтті, – деді Балмаржан Нарбекова.

Бұдан өзге Оңтүстіктің ерікті жастары ЭКСПО қалашығында ұйымдастырылған байқаулар мен жарыстарда алдыңғы орындарды иеленсе, Қарағанды облысында өткен республикалық ерікті жастар слетінде командалық есепте Оңтүстіктің ерікті жастары бас жүлдені жеңіп алған. Облыс бойынша жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 5356 спорт ғимараты бар. Аталған спорттық нысандарда 210 мыңнан астам жас спортпен шұғылдануда.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында басқарма тарапынан жастар арасында ұмыт бола бастаған ұлттық спорт ойындарын насихаттау мақсатында асық, тоғызқұмамалақ сынды ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі