Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Оңтүстікке келді

404
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Оңтүстікке келді

Бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іс-сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

Делегация құрамында инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ президенті Алпысбаев Қанат, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев бар.

Асқар Мамин алдымен Шымкенттегі халықаралық әуежайының жұмысын аралап көріп, онда «Шымкент әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәкен Мамырбековтың әуежайдың жұмысы туралы баяндамасын тыңдады. Бұдан кейін жұмысшы топ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен өткен әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Оңтүстікке келді

Айта кетейік, 1968 жылы ашылған Шымкент әуежайы әуе кемелерінің барлық типтерін шектеусіз қабылдайтын халықаралық әуежай болып келеді. Тәулік бойы істейтін әуежайда кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылау толық қамтамасыз етілген. Бұл жерден ұшақ рейстері Қазақстанның барлық облыстық орталықтарына, сонымен қатар ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдің қалаларына тұрақты қатынайды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Оңтүстікке келді

Сапар барысында делегация мүшелері «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығының жұмысымен де танысты. Қазақстанның еуразиялық көлік-логистикалық хабына айналуы бойынша мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылған «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталықтың аумағы 92 гектарды құрайды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Оңтүстікке келді

Қазіргі таңда аталған аймақта жекеменшік 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде «Kazakhstan Logistics group» ЖШС мен «Зерде» НПО ЖШС компаниялары өз жобаларының бірінші кезеңін іске қосты. Бүгінгі таңда іске қосылған қоймалардың жалпы аумағы 18 326 шаршы метрді құрайды. Ал жыл соңына дейін «Continental Logistics Shymkent» ЖШС-нің 20 736 шаршы метр қоймасы мен «Зерде» ЖШС-нің 5 760 шаршы метр қоймасы бар инвестициялық жобасының екінші кезеңі іске қосылмақ. Қалған инвестициялық жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының 30 пайызы аяқталып отыр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Оңтүстікке келді

Бұдан соң Асқар Мамин Ордабасы ауданында орналасқан, индустрияландыру картасына енген «Агро V» кірпіш зауытын аралап көрді. Жоба құны 527 млн теңгені құрайтын зауыт жылына 25 миллион кірпіш шығарады. Мұнда 60 азамат жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Зауыт қысы-жазы жұмыс жасайды. Мұндағы технологиялық құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен Қытайдан алынған. Жабдықтар көп компонентті қоспалардан жоғары сапалы өнім шығара алады. Және толығымен автоматтандыру есебінен кірпіштердің геометриялық пішіндерін сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кірпіш күйдіруге арналған пештің елімізде баламасы жоқ.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Оңтүстікке келді

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самат Мырзалиев