Сарыағаш ауданында күн электр станциясының іргетасы қаланды

802
Сарыағаш ауданында электр станцияның іргетасы қаланды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станцияның құрылысы басталды. Сағатына 20 мВТ тоқ шығаратын заманауи нысанның іргетасы Жылға ауыл округінде қаланып отыр.

Сарыағаш ауданында электр станцияның іргетасы қаланды

Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық маслихат хатшысы Жәнібек Сүлейменов, «ЕкоПроТех-Астана» ЖШС директоры Назиржон Темиров және Жылға ауылының бір топ тұрғыны қатысты.

Жалпы құны 14 млрд теңгені құрайтын жобаны «EcoProTech-Astana» іске асыруда. Құрылыс жұмыстарының жалпы аумағы 41 гектарды  құрайды.

Сарыағаш ауданында электр станцияның іргетасы қаланды

Айта кетейік, «EcoProTech-Astana» ЖШС құрылтайшысы – германиялық «DAY ENERGY GmbH» компаниясы. Аталған мекеме энергияны жаңарту саласындағы жобаларды дамыту мен фотовольттық панельді және су энергиясын өндіруге негізделген. Күн сәулесінен өндірілген электр энергиясын теміржол саласына қолдану жобасы әлемде алғаш рет қолға алынып отыр.

Сарыағаш ауданында электр станцияның іргетасы қаланды

Қазіргі таңда «EcoProTech-Astana» ЖШС мемлекеттік сараптама қортындысын алып, жобаны қаржыландыру үшін банктермен келісім-шарт жасасып жатыр. Сондай-ақ, олар жобаға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беретін компаниялармен келісім жасасып, алғашқы қаржыларын аударып та қойған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі