Шымкенттің бірқатар аудандарында жарық сөнеді

399

Шымкенттің бірқатар аудандары мен көшелерінде жарық сөнеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласы көшелеріндегі жарық желісі жөнделуде. Осыған байланысты Қабанбай батыр, Түркістан, Төле би, Тәшенов көшелері, Тәуке хан даңғылы мен қырғы базар, ескі автовокзал аймағы, Жангелдин, Гагарин, Абай, Громов көшелері және Қара су шағынауданы мен Колос аймағы, Отырар, Шығыс, Сайрам шағынаудандары және Байтұрсынов-Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы баспахана аумағы;

Халтурин, Қазыбек би, Желтоқсан, Қонаев даңғылы – Іляев көшесі, Химфарм, Еламан (Ворошиловка), Чапаев, Клара-Цеткин көшесінің бір бөлігі, Лесхоз, облыстық әскери комитет, Жібек жолы, Азат, Қара жол, Самал-1, Самал-2, 4-ш/ауд, Агропром, 112-орам;

8-шағынаудан, Астраханцев, Темірлан тасжолы, Жаңа шаһар, 15-ш/ауд, 11 және 12 ш/ауданның бір бөлігі, Сайрам-Долорес, Солтүстік-батыс, Самал-3, Қызылжар, Ынтымақ, Коммунизм аймақтарында 2017 жылдың 25 қарашасында сағат 00.00-ден 05.00-ге дейін жарық сөнеті» делінген хабарландыруда.