Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, алдын алу қажет

235
Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, алдын алу қажет

Мемлекеттік қызметкерлер әдептен аттауды әдетке айналдырып барады. Оларды қадағалаушылар толтырылмаған декларациядан бастап, заңсыздыққа жол бергеніне дейін тіркеп отырады. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында кірісін көрсетуді жөн көрмеген 9 қызметкердің ісі қаралды.

Бұл фактілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінде өткен брифингте мәлім болды. Әдеп жөніндегі кеңесте 60 пайыз тәртіптік іс қаралса, өткен жылдың осы кезеңінде 87 іс қаралған болатын. Ал алдын алу мәселелері биыл 37 пайыз болса, былтыр 60 пайызды құраған. Департамент басшысының орынбасары осылай дейді.

Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, алдын алу қажет

Мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін түзеуге салар әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмысын енгізу бойынша Астана қаласы мен Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық жоба қолға алынған. Бұл өз кезегінде жұмыс белсенділігін арттырады дейді жауаптылар.

Айта өтейік, кеңес мүшелері аптаның әр сейсенбісінде сағат 17 мен 18 арасында азаматтарды жеке қабылдайды. Оған алдын ала бір күн бұрын жазылу шарт. Толық мәліметті memkyzmet.kz сайтынан білуге болады.

Жанар Есенбекова