«Ым-ишарамен ән айтудың өзіндік қиындығы бар»

574

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Шымкент қаласындағы №1 саңырау балалар мектеп-интернатының сурдопедагогы Райхан Сеңгірбаева:

     – Бүгін Ресей халқы сурдоаудармашылар күнін атап өтуде. Сурдоаудармашылық қажеттіліктен туған мамандық қой. Өзіңіз қызмет ететін мектеп туралы айта отырсаңыз…

    – Қазіргі таңда білім ошағымызда 197 бала білім алады. Басшымыз Әйгерім Ұзақованың басқаруымен табысты жұмыс жүргізіп отырмыз.

   – Бұл мамандықты өзіңіз қалап келдіңіз ба? Оған кез-келген адам бара бермейді. Осы іске деген құлшыныс керек сияқты…

    – Құлағы естімейтін балалармен жұмыс істеу алғашында қиын тигені рас. Көзіме жас алған кездерім де болды. Келе-келе қызығушылық пайда болды. Көп іздендім. Мамандардан сабақ алдым. Осы балалардың тілін қалай үйренсем деген құлшыныспен ғаламтордан көп дүние үйрендім.

    – Сіз «Отырар» телеарнамызда сурдоаударма жасайсыз. Телеарнаға қалай келдіңіз?

   – Ең алғаш «Қазақстан Шымкент» телеарнасында жұмысымды бастадым. Ал «Отырар» телеарнасына сурдоаудармашылыққа келгеніме алты айдың жүзі болды.

   – Ғаламторда ым-ишарамен ән айтқан материалдардың жоқ екенін байқауға болады. Дендросаябақта өткен мүмкіндігі шектеулі жандар күні барысында шәкірттеріңіз ым-ишарамен ән айтты…

   – Ым-ишарамен ән айтуда олар өз тілдерімен халыққа жеткізеді. Әр әннің сөзін, мәнін, мағынасын түсіндіріп барып, үйретеміз. Ғаламторға салынбай жататын шығар, бірақ біздің әндеріміз көп. Көптеген шығармашылық балалар фестивалі өтуде. Жуырда министр Тамара Дүйсенованың шақыртуымен балаларымыз «Атамекен» әнімен «Бәйтерек» хор тобы ым-ишарамен ән айтып үлкен қошеметке бөленіп қайтты. Тамара Дүйсенова қаламызға келгенде арнайы шақыртып балаларымызға алғыс айтып, сыйлықтарын табыстады. «Жұлдызай» фестиваліне шәкірттеріміз үнемі қатысып отырады. Жоғары табысқа жеткендері де бар. Ым ишарамен ән айтудың да өзіндік қиындығы бар. Әннің мағынасын түсініп дәлдікпен айту оңайға түспейді. Қайырымдылық шараларынан қалыс қалған емес. Спорттан да балаларымыз алда. Астанаға да концерттерге ұшақпен барып жүрміз. Басшымыз Әйгерім Ұзақованың іскерлігінің арқасында.