Оңтүстіктің жолдарындағы жылыну орындары дайын

350
Оңтүстіктің жолдарындағы жылыну орындары дайын

Қыстың күні асудан асып, қиын жолды игеру оңай емес. Көп ретте көлік жолда қалып қояды. Омбы қардан шыға алмаған жолаушылар енді қорықпаса да болады. Өйткені, аудандардағы жылыну бекеттері сары аязға сақадай сай дайын. Мамандар бұл жолы Бәйдібек пен Созақ аудандарындағы асулардағы 3 нысанды аралады.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындаа 11 жылыту бекеті бар. Соның төртеуі ғана өңірімізге тиесілі, яғни Бәйдібек пен Созақ аудандарында орналасқан. Мәселен, Шыбықбел жылыту нысанын оннан аса адам бір мезетте паналай алады. Тіпті бірнеше күн бойы қолайсыз ауа райдың беті қайтқанша тұрақтау үшін барлық жағдай жасалыпты.

Оңтүстіктің жолдарындағы жылыну орындары дайын

Бәйдібек ауданындағы жолдың қарын тазалауда 5 техника тынбай жұмыс жасауда. Олар қар жинайтын күрегі бар ауыр жүк көлігі мен Урал, трактор және Газель жүк көлігі. Мамандардың айтуынша, техниикалар толықтай дерлік жұмысқа әлі жұмылдырылмапты. Жол жөндеушілер алдымен жылыту пунктеріне көңіл бөлуде.

Оңтүстіктің жолдарындағы жылыну орындары дайын

Мұнда жолға себуге арналған инертті материал, яғни құм мен тұз да дайын. Төтенше жағдай қызметкерлері бұған жол жөндеушілердің дайындығын тексеру кезінде көз жеткізді.

Оңтүстіктің жолдарындағы жылыну орындары дайын

Қыс маусымының алдыңғы апталарында жылыту бекеттерін ешкім пайдалана қоймапты. Ал төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қажет болған жағдайда құтқару нысандарына толықтай сенуге болады деп отыр. Бұл өткен жылғы тәжірибе. Өйткені 2016 жылдың қысында пунктерді 150-ге жуық тұрғын пана етіпті.

Махаббат Әбдешова