Облыс мәслихатының депуттаттары тұрақты комиссияда бас қосты

302
Облыс мәслихатының депуттаттары тұрақты комиссияда бас қосты

Баға тұрақтылығы халық қалаулыларының да назарында. Бүгін кезекті тұрақты комиссияда бас қосқан депутаттар облыстың үш жылға арналған бюджетін нақтылады. Қазына қаржысын қажетті салаларға бағыттау жобасымен келісті. Алайда осы түбегейлі шешімге келу оңай болмады.

2018 жылға арналған облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстар бойынша жалпы көлемі 430 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19,7 млрд теңгеге көбейген. Білім беру саласын қолдауға 41 млрд теңгеден астам қаржы бағытталуда. Денсаулық сақтауға 17 млрд теңгеден астам, әлеуметтік қамтамассыз етуге 7 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалады деп жоспарлануда. Облыс бюджетін нақытлау барысында айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстар да ескерілген.

Депутаттар неліктен осыған дейін республикада бекітілген Шымкенттің бас жоспарына өзгерістер енгізіле береді дейді. Әкімдер ауысса да шаһардағы жоспарланған жұмыстар жүйелі түрде жалғаспайды деп наразылықтарын білдірді.

Мәжілісте аудандық маңызы бар жолдарды салуға, Шымкент қаласындағы Адырбеков көшесінің бөлігін аяқтауға, Байтұрсынов көшесін кеңейту жұмыстарына аса көңіл бөлу қажеттігі де баса айтылды. Сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру үшін қаржыландыру мәселесін үш жылға бірден шешіп алу қажет дейді халық қалаулылары.