Автокөліктерді тіркеу ережесі толық өзгерді

532

«Қазақстанда автокөліктерді тіркеу ережесі толықтай өзгерді», – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көлікті тіркеу, тіркеуден шығару мен есепке алу бойынша мемлекеттік қызметке сараптама жүргізді. Сараптама қорытындысы азаматтар көлікті есептен шығарып, мемлекеттік нөмірді жаңа көлігі үшін сақтаса, 2,8 АЕК мемлекеттік баж салығын қайта төлейтінін көрсетіп отыр. Нөмірлер арнайы ХҚКО мен ІІМ тіркеу-емтихандық бөлімшелерінде сақталып келсе де», – деп атап өтті агенттік өкілдері.

Мемлекеттік тіркеу нөмірін 30 күн ішінде қайта бергенде баж салығын қайта төлеуді жою мақсатында (АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2018 жылдан бастап құны 6 734 теңге, ) Салық кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Өзгеріс биылдан бастап іс жүзінде қолданылады.

«Мұнымен қоса, автокөлік нөмірінің бірі жоғалғанда немесе жарамсыз болып қалғанда, баж салығын топтама (2 дана) үшін толық төлеу міндетті немесе көлікті қайта тіркеу керек болатын. Салық көдексіне енгізілген өзгерістер бойынша, енді көлік иесі 6 734 теңге орнына 3 367 теңгеге бір нөмірді ғана жасата алады», – дейді агенттік өкілдері. Ведомство өкілдері процедураларды жеңілдету, әкімшілік кедергілер мен жемқорлық қауіптерін жою Агенттік жұмысының басымдығы екенін атап өтті.