«Ешқандай рольді оңай алып шықтым деп айта алмаймын»

488

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі, жуырда ғана «2017 жылдың үздік әртісі» мәртебесін еншілеген Жамиля Бекмұрзаева:

– Жуырда ғана «Үздік әртіс» атандыңыз. Екінің біріне бұйырмайтын мәртебе өзіңіз күткен жеңіс пе?
Жоқ, өзім күтпедім, білген жоқпын. Тосыннан келген сый болды. Ж.Шанин театрының ұжымына үлкен алғысымды білдіремін.
– Бұл айтулы марапат. Өзіңіздің қандай еңбегіңіз үшін табыстады деп ойлайсыз?
– Тек менің ғана еңбегімді ескерді деп айта алмаймын. Театрға келгеннен бергі еңбектерімді ескеріп, 2017 жылды еңбегімді бағалай отырып марапатқа ұсынды деп ойлаймын.
– Өңірімізде бір емес, 8 театр бар. Солардың арасынан іріктеліп өтіп, іріктеуге өттіңіз. Қандай дабір жауапкершілік сезіндіңіз бе?
– Ол сезімімді қазір айтып жеткізе алмаймын. Төбем көкке екі елі жетпей қалғандай болды. Бірақ осы марапатқа ұсынды дегенді естіген кезде аламын ба, алмаймын ба деген күдік болғаны рас. Ал сахнаға шығарып, марапатымды алғанда қобалжу болды. Қолыма алған кезде қатты қуандым.
– Жылдың үздік әртісі өнер жолына қалай келді?
– 2000 жылы Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына анам ертіп барды жетектеп. Мүмкіндігіңді көрейік, бойыңда талант бар деп қолдады. Маман Байсеркенов ағамыз қарсы алып қолдау білдірді. Екі ай сынақтан өттім. Оқуға қабылданғаннан бастап өнер жолым басталды. Еңбек жолымды қуыршақ театрының жанынан Әскер Құлданов ағамыз жастар театрын ашқан болатын. Осы театрда алғашқы қадамым басталды. Сол театрда екі жыл еңбек еттім. 2008 жылдан бастап осы қарашаңыраққа келдім.
– Ең алғашқы сомдаған роліңіз есіңізде ме?
– Ең алғаш сомдаған ролім «Бала мен қайыршы» деген қойылымда Марияның ролін сомдадым. Ал қаршаңырақтағы ең алғашқы ролім жапон аңызы «Тырна ұлпаларындағы» басты ролім болды.
– Басты рольдерден жиі көреміз өзіңізді. Оны орындау оңай емес, кейіпкерді шебер сомдаудың сыры неде?
– Әрине, еңбек, талпыныс. Театрға келгеннен кейін ойнағың келіп, талпынып, армандайсың, оның көмегі көп. Ешқандай рольді оңай алып шықтым деп айта алмаймын. Қобалжу көп.