Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі қаншалықты сақталған?

1360

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі қаншалықты сақталған? Бұл сауал кез-келген ата-ананы алаңдатса керек… Осыны ескерген біздің әріптестер жергілікті мектептерде болып қайтты.

Бөгде адамдарға кіруге болмайды! Шымкенттегі № 20 мектептің бас күзетшісі Людмила Космачева осында білім алатын барлық оқушыны жазбай таниды. Мектептегі мыңдаған шәкірттің қауіпсіздігін ол қалт жібермей қадағалап отырады. Оқыс оқиға орын ала қаласа қалай қарекет етуді де жақсы біледі.  Қауіпсіздікке қатаң қарайтын бұл білім ордасында кіріп-шыққан әрбір адам арнайы бейнекамера арқылы бақыланып отырады.

Тіпті ата-аналар мектептке рұқасатсыз кіре алмайды. Олар ғимарат ішінде тек сынып жетекшісімен бірге жүруі тиіс. Шымкент қалалық білім бөліміндегілер күзетші штатына мемлекеттен бір тиын да төленбейді дейді. Қазір бұл мәлелені оңтайлы шешу қаралып жатыр деп сендіреді шаһардың бас ұстазы.
Мектеп ішілік тәртіпті қазір кезекшілер қадағалайды.

Бөгдені ғимаратқа кіргізбей, кіріп-шыққан әрбір адамды тіркеп, арнайы құрылғылармен бақылап отырады. Шымкенттегі мектеп қауіпсіздік мәселесі әзірге осылай шешіліп отыр. Ал күзетші жалдау мәселесі әлі басы ашық күйінде қалып отыр.

Макпал Рысбаева