Нысанның терроризмге қарсы қорғалуы қамтамасыз етілмесе айыппұл төлейсіз

682
Оңтүстікте биыл 134 әлеуметтік нысан салынды

ОҚО ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының типтік төлқұжатын бекіту туралы» Қаулысы негізінде өткен жылы 2000-нан астам Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында террористік тұрғыда осал объектілер тексерілді.

Тәртіп сақшыларымен адамдардың көп жиналатын орындарында террористік тұрғыда осал объектілердің инженерлік – техникалық бекінісі бойынша нысандарда тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде 300-ге жуық террористік тұрғыда осал объектілердің басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы «Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау» әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жинақталған құжаттамалар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Қазіргі таңда соттың шешімімен 176 нысанның иелері мен басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан 22 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл өндірілген. Сондай-ақ, ОҚО ІІД ЭҚІҚБ қызметкерлерімен террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалу жай-күйіне бақылау жасау және ұйымдастыру, заңнама талаптарын, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыстар атқарылды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы