ОҚО-да діни алауыздықты тудыруға қатысы бар деген күдікпен 12 адам ұсталды

568

Бұл туралы ҰҚК облыстық департаментіне сілтеме жасаған tengrinews.kz хабарлады. Шымкенттегі арнайы операция кезінде олар экстремистік бағыттағы материалдарды тарату барысында қолға түскен.

«Арнайы операцияны бүгін ұлттық қауіпсіздік органы мен ішкі істер департаменті бірлесіп жүргізген. Дінаралық алауыздықты тудырды деген күдікпен 12 адам ұсталды. Олар Түркістан, Арыс, Кентау, Шардара, Созақ және Түлкібас аудандарының тұрғындары.

Тергеу анықтағанындай олардың әлеуметтік желілерде экстремистік бағыттағы материалдарды таратқаны белгілі болды», – деп хабарлайды ҰҚҚД. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Осы іске қатысы бар басқа да азаматтардың тұлғасы анықталу үстінде.