«Петропавл-Шымкент» әуе рейсі жаңартылады

331

«Петропавл-Шымкент» әуе рейсі 8 қаңтардан бастап жаңартылады. Мұндай ақпарды солтүстіктегі әуежайға «SCAT Airlines» әуекомпаниясы хабарлады.

Әуежай директоры Марат Хасеновтың айтуынша солтүстікқазақстандық әуе айлағы ұшақтарды қабылдауға дайын. Бүгінгі күнде ұшақтар әуежайға келіп қонуда. Петропавл-Астана-Алматы және Шымкент тұрақты әуерейстері келесі аптадан бастап жаңартылатын болады.

Желтоқсан айының соңғы күндерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежай бірде бір ұшақты қабылдай алмаған болатын. Қалың тұманның салдарынан жолаушылар әуе билеттерін өткізіп, темір жол қызметін пайдалануға тура келген еді.