Шымкентте автопарктің басшысы жұмыс орнында көз жұмды

413

Шымкентте автопарктің басшысы жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды  inform.kz.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 70 жастағы директордың мәйіті қызмет бөлмесінен табылған.

Оқиға орнына ІІД-нің 4 қызметкері мен өрт сөндіру қызметінің 2 маманы жетіп, мән-жайды анықтаған. «18 қаңтар күні сағат 12:49-да ОҚО ІІД кезекші бөліміне Шымкенттің өндірістік алаңы аумағындағы «Автобус-Сервис» ЖШС әкімшілік ғимаратында өрт болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері қызмет бөлмесіндегі төсеніш жабдығы жанып, бір шаршы метрде өрт болғанын анықтаған. Бірақ серіктестік жұмысшылары өрт сөндіру қызметін шақыртпаған. Алдын-ала болжам бойынша өрт темекі тұқылынан шыққан» делінген ТЖД таратқан хабарламада.